Жүректің қызметі үш кезеңнен тұрады. Біріншісі — жүрекшелердің жиырылуы (систола), екіншісі — қарыншалардың жиырылуы (диастола) , үшіншісі — жүрекшелер мен қарыншалардың бірдей босаңсуы (пауза).
Жүрек циклі
Жүректің жиырылу кезеңі жүрек циклі деп аталады. Әрбір цикл 0,8 сек. жүреді. Осы уақыттың ішінде жүрекшелердің жиырылуына 0,1 сек. , қарыншалардың жиырылуына 0,3 сек. , ал жалпы дем алу кезінде 0,4 сек. уақыт жұмсалынады.
Жүрек қызметінің реттелуі
Жүректің қызметі жүйке жүйесімен реттеледі : ол ішкі және сыртқы ортаның әсеріне байланысты болады . Жүрекке орталыққа тепкіш жүйке талшықтары келеді, олар вегатативті жүйке жүйесіне жатады. Жүйкелердің бір жұбы тітіркенген кезде жүрек жиырылуын күшейтіп, жұмысын жылдамдатады. Ал жүрекке келетін болсақ, жұп жүйкелері тітіркенгенде жүректің қызметі бәсеңдейді.