Қан плазмасы — қанның сұйық бөлімі, белоктардың ерітіндісі. Оның құрамында су (90-92 %) , органикалық және анорганикалық заттар (8-10 %) кіреді. Плазмадағы органикалық заттардың ең көбі белоктар (орта есеппен 7-8 %) — альбуминдер , глобулиндер және фибриноген (фибриногені жоқ плазманы қанның сары суы деп атайды). Одан басқа, қан плазмасы құрамында глюкоза, май, майтекті заттар, аминқышқылдары, мачевина, зәр және сүтқышқылы, ферменттер, гормондар, т.б. болады. Анорганикалық заттар қан плазманың 0,9-1,0 % бөлімін құрайды. Бұлар негізінен натрий, калий, кальций, магний, т.б. тұздар. Осының бәрі ұлпа мен қан арасындағы судың алмасуында үлкен рөл атқарады. Және де белоктар плазмаға тұқырлық (вязкость) қасиетін береді де , қан ұю процесінде маңызды рөл ойнайды.