Атомдық масса бұл атом массаның атомдық бірлігінен(м.а.б.=1,67*10-27 кг ) қанша есе артық екенін көрсететін шама, яғни рутений атомының «шын» массасы 101*1,67*10-27=168,67*10-27 кг. Есептеулер жүргізген кезде периодтық кестедегі атомдық массалардың мәнін жуықтап алу керек, тек қана хлордың атомдық массасын 35,5 деп ондық бөлшек ретінде қалдырамыз. Сонымен қатар атомдық масса элементтің 1 моль мөлшеріндегі граммен берілген массасына тең.