Химиялық формулалар

Қазіргі таңда адамға 141 миллион органикалық және 500 мыңға жуық бейорганикалық қосылыс таныс. Оларды бір — бірінен ажырату үшін химияда химиялық формулалар қолданылады.

MgCl2 біздің қарастыратын алғашқы формуламыз. Бұндағы «Mg» мен «Cl» деген белгілер сендерге алдыңғы тақырыптан бері таныс, олар қосылыстың магний мен хлордан тұратынын хабарлайды. Ал 2 деген индекс қосылыста екі хлор атомы бар екенін айтады. Магнийден кейін индекс жоқ, өйткені «1»  индексі жазылмайды, дегенмен магний атомы қосылыста бар. Қосылыс магний хлориді деп аталады және «Магний хлор екі» деп оқылады

Келесі қосылыс кальций фосфаты деп аталады. «Ca» белгісінен кейінгі индеске қарайтын болсақ, қосылыста үш кальций атомының болуын байқай аламыз. Келесі,»O» белгісінен кейін орналасқан «3»индексі жақшаның ішіндегі PO3  бөлшегінде үш оттек атомының бар екенін меңзейді. Ал жақшаның сыртындағы «2» индексі қосылыста екі PO3  бөлшегінің  болуын айтады. Қосылысты «кальций үш п о үш екі есленген» деп оқиды.

Scroll Up