Графиктен r ≤ r0 болғанда, тебілу күштерінің, ал r ≥ r0 болғанда тартылыс күштерінің болатыны көрінеді. r = r0 арақашықтықта тартылыс және тебілу күштері тең болады, сондықтан теңәсерлі күш нөлге тең: F = 0.
Күштің арақашықтыққа тәуелділік графигі молекулааралық күш молекулалардың өлшемдеріне сай келетін қашықтықтарда пайда болатынын дәлелдейді. 2–3 молекуланың өлшеміне тең қашықтықтарда молекулалар арасында өзара әрекеттесу күші жоғалып кетеді.