Агрегаттық күй дегеніміз не?
Заттың агрегаттық күйі — бір заттың әр түрлі күйі.
Заттың бір күйден басқа бір күйге ауысуы оның еркін энергиясының, энтропиясының, тығыздығының, т.б. физикалық қасиеттерінің секірмелі өзгеруімен қоса қабат жүреді. Табиғаттағы барлық заттар үш түрлі – қатты, сұйық және газ тәрізді агрегаттық күйде болады. су p=101 325 Па=760 мм сын. бағ. қалыпты қысымда және Т=0°С температурада мұзға, Т=100°С температурада қайнап, буға айналады. Плазма заттың төртінші агрегаттық күйі болып есептеледі.