Жүрек–қан тамыры аурулары (ЖҚА) жүрек және қан тамырлары аурулары тобын білдіреді, оған: жүректің ишемиялық ауруы, бас-би тамырларының ауруы, перефериялықартерия ауруы, ревмокардит, туа біткен жүрек ақауы, көктамыр тромбозы және өкпе эмболиясы, инфаркт пен инсульт жатады. Әлемдік өлім қатынасының үштен бір бөлігі жүрек-қантамыр жүйе ауруларына байланысты болады . Оның ішінде көбісі жүректің ишемиялық ауруы (жүрек бұлшық етін қанмен қамтамасыз етіп отыратын қан тасымалдаушы тамырлардың зақымдалуы) мен инсульттен (жүрек пен миға баратын тамырлар бітеліп қалуы) зардап шегеді. Шылым шегуден, тұз пайдаланудан бас тарту, күнделікті дене шыныктыру жаттығуларымен айналысу, ішімдік ішуден бас тарту, қан қысымын қадағалау, қан глюкозасы мен холестерин жүрек қан-тамыр жүйе ауруларының даму қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Жалпы жүрек-қан тамыр ауруларының белгілеріне кеуде жасушаларының ауруы, жайсыз сезім , қол мен сол жақ иық ауруы, шынтақ, жақ немесе арқада жағымсыз сезім пайда болады, бет жансыздануы, көз көрмей қалуы, науқастың бас айналуы, дем жетпеуі, жүрек айнуы жатады.