Айна жазық және сфералық деп бөлінеді. Жазық айна деп тегіс өңделген және шағылдыратын қабатпен жабылған, қисықтық радиусы шексіздікке ұмтылатын жазық бетті айтады.
Бұл формула жазық айнаның формуласы деп аталады. Жазық айна формуласын қортып шығару үшін жарықтың шағылу заңы және геометрия заңдары пайдаланылады. Жазық айна заттың жорамал кескінін береді, сондықтан формулада кескінге дейінгі қашықтықтың алдында минус таңбасы тұр. Формула бойынша дененің айнаға дейінгі қашықтығы айна мен кескін арасындағы қашықтыққа тең екендігін біле аламыз.
Бұл қызықты!
Сіз айнаға қандай жылдамдықпен жақындасыңыз, сіздің кескініңізде сізге сондай жылдамдықпен жақындайды.
Дереккөз : Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-Ф49 математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық /С. Түяқбаев, Ш. Насохова, Б. Кронгарт, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы.