Сәуле жиілігі жоғары болған сайын, оның таситын энергиясының мөлшері де арта түседі, әрі организмге тигізетін биологиялық және химиялық әрекеті де ерекше болады. Ультракүлгін сәулесінің үлкен дозасы көз бен теріні зақымдаса, ал рентгендік және гамма-сәулелер өмірге қауіпті. Адам өміріне ең қолайлы нұр – ақ жарық. Ол жеті түсті біртекті (монохроматты) сәулелердің қосындысынан тұрады.