Призмадан немесе басқа бір мөлдір денеден өткен жіңішке ақ жарық шоғы түрлі түсті спектрге жіктеледі.
Жеті түрлі түстен құралған бұл спектрдің ең көбірек бұрылатыны және ең қысқа толқындысы (жиілігі үлкені) — күлгін сәуле, ал ең аз бұрылатыны және ең ұзын толқындысы — қызыл сәуле.
Жарықтың классикалық теориясы бойынша Жарық дисперсиясы жарық таралған орта атомдарының (не молекулаларының) электрондары мен жарық толқындары туғызған айнымалы электр өрісінің өзара әсерлесуі нәтижесінде пайда болады. Мөлдір денелердегі Жарық дисперсиясы спектрлік приборларды, ахроматикалық линзаларды жасау кезінде қолданылады.
Табиғаттағы және өнердегі жарықтың дисперсиясы
- Түстері жарық дисперсиясымен анықталатын кемпірқосақ — мәдениеттің және өнердің негізгі бейнелерінің бірі.
- Жарық дисперсиясының арқасында гауһардың және басқа мөлдір қырлы заттардың немесе материалдардың беттерінде түсті «жарық ойынын» байқауға болады.
- Кемпірқосақ эффектісі кез-келген мөлдір зат арқылы жарық өткен кезде жиі кездеседі.
- Жарықтың спектрге ыдырауы (дисперсияға байланысты) бейнелеу өнерінде кең таралған тақырып болып табылады. Мысалы, Пинк Флойдтың «The Dark Side of The Moon» альбомының мұқабасында призмадағы жарықтың сынуы бейнеленген.