Жұмсақденелілер/ Ұлулар типі (моллюскалар)

Ұлулар типі

Ұлулар типі. Дереккөз: ru.wikipedia.org

Ұлулар — Денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. 130 мыңнан астам түрлері кездеседі. Үш класқа жіктеледі: бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар.

  • Мекен ортасы: тұщы, теңіз суы және ылғалды жерлер.
  • Денесі: бас, тұлға, аяқ, бақалшақтан немесе бақалшақ қалдығынан тұрады. Бақалшақ үш қабаттан тұрады — жасыл-қоңыр түсті сыртқы қабат, ақ немесе күңгірт түсті қабат және ең ішкі меруерт қабат. Үш қабатты (эктодерма, мезодерма, энтодерма). Ерекше тері қабаты — шапанша (мантия) бар. Бүкіл денені қаптайды. Оның үстіңгі бетінде бақалшақ түзіледі. Тұлға мен шапанша арасында шапанша қуысы болады.
  • Қозғалуы: бұлшық етті аяғы арқылы қозғалады.
  • Асқорыту жүйесі күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері — үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. Бауыр алғаш осы типте пайда болды. Қорек қарыннан ішектің ортаңғы және соңғы бөлігінен өтеді. Қорытылған ас аналь тесігі арқылы шығады. Қарапайымдар мен плактондармен қоректенеді.
  • Қанайналым жүйесі ашық. Алайда екі (бауыраяқтыларда) немесе үш (қосжақтаулыларда) қуысты  жүрек болады. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады. Жүректі жүрек қабы қаптайды. Қан түссіз немемсе көгілдір болады.
  • Тыныс алуы: өкпе немесе шапанша астында орналасқан желбезектер.
  • Зәр шығару жүйесі 1 немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.Қан құрамындағы улы заттар бүйректен өтіп, сүзінді сыртқа бөлініп шығады.
  •  Көбеюі: қосжынысты да, даражынысты да ұлулар кездеседі. Қосжынысты ұлулар өзін-өзі ұрықтандыра алмайды. Сондықтан ұрықтандыруға өзге дарағы қатысады. Мұны айқаспалы жолмен ұрықтану деп атайды. Жұмыртқадан тікелей жәндіктер дамиды.
  • Жүйке жүйесі жүйке түйіндерінен тұрады. Басаяқтыларда жүйке жүйесі күрделеніп, ми дамиды. Мидың сыртын шеміршек қаптайды.
  • Үш класқа жіктеледі: бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар.

Бауыраяқты ұлулар класы

Бауыраяқтылар типі. Дереккөз: infourok.ru
  • Мекен ортасы: суқоймалары, көл, құрлық.
  • Өкілдері: тоспаұлу (суқойма), жүзім ұлуы (жүзімдік), түйіртек (көл, тоған), жұмырлақ (көл, тоған), шалшық ұлуы (суқойма), жалаңаш шырышты (бақша), қошқармүйіздер (суқойма).
  • Дене құрылысы: Бас (ауыз, көз, қармалауыш), тұлға (шапанша, шапанша қуысы, ішкі дене мүшелері) және аяқ. Дененің үстінде бақалшағы болады.
  • Сезім мүшелері: көздер көру, екі қысқа қармалауыштары сипап сезу, әкті қалталар тепе-теңдік қызметін атқарады.
  • Қорегі: өсімдік.
  • Жүрегі 2 қуысты — жүрекше, қарынша.
  • Зияны: Жалаңаш шырышты, жүзім ұлуы жүзімдіктерге, бақшаларға зиян келтіреді.
Ұлудың ішкі құрылысы. Дереккөз: kopilkaurokov.ru

Қосжақтаулы ұлулар класы

Қосжақтаулылар типі. Дереккөз: infourok.ru
  • Мекені: мұхит, теңіз, тұщы су қоймалары, өзен. 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Құрлықта кездеспейді. 20 мыңға жуық түрлері белгілі. 
  • Өкілдері: айқұлақ, мидия, устрица, кемеқұрт, теңіз меруерттері.
  • Дене құрылысы: тұлға мен аяқтан тұрады, басы болмайды. Дене ашылып-жабылатын екі жақты бақалшақтан (жақтаудан) тұратындықтан, қосжақтаулылар деп аталады.
  • Қорегі: планктон, қарапайымдар. Қорегі алдымен шапанша қуысына өтіп, қатты заттардан сүзіліледі.
  • Көбеюі: даражыныстылар. Ұрықтануы іште өтеді. Жұмыртқадан дернәсіл, дернәсілден ересек жәндік өседі (түрленіп даму).
  • Жүрегі 3 қуысты — 2 жүрекше, 1 қарынша.
  • Маңызы/Зияны: Кейбіреулері (мидия, устрица, гребешок) тағам ретінде қолданылады. Бақалшақтарынан түйме жасалады. Ағаштан жасалынған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері де бар (кемеқұрт).

Басаяқты ұлулар класы

Басаяқтылар типі. Дереккөз: infourok.ru
  • Мекені: мұхиттар, теңіздер.
  • Өкілдері: кальмар, каракатица, сегізаяқ.
  • Дене құрылысы: ірі, бас пен тұлғадан тұрады, бақалшағы жойылып кеткен. Аяғы басында болғандықтан, басаяқтылар деп аталады. Ауыз төңірегінде 8-10 қармалауыштары болады. Олардың ішкі жағында сақиналанған сорғыштары бар.
  • Хромотофоралары бар, түсін өзгерте алады.
  • Сезім мүшелері: көздері, көздердің астында иіс сезгіш ойықтар, шеміршекті бас сүйекте тепе-теңдік мүшесі, қармалауыштарда дәм сезгіш мүшелері орналасады.
  • Жүрек 3-5 қуысты. құрамында Cu бар гемоцианин молекуласы қанға көгілдір түс береді.
  • Қозғалуы: қармалауыштары арқылы. Каракатица мен кальмар баяу жүру үшін басын алдыға қаратып жүзеді. Шапшаң қозғалу үшін денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады.
  • Қорегі: балықтар, өзге ұлулар, шаянтәрізділер.
  • Көбеюі: даражыныстылар. Іштей ұрықтанады, тура дамиды.
  • Зәр шығаруы: 2-4 бүйрек арқылы.
  • Маңызы: тағам ретінде қолданылады. Жыртқыштарға қорек болып табылады.

Қолданылған деректер:

  1. Биология: Талапкерге арналған оқулық-тест. Алматы, 2018.
  2. Биология қысқаша анықтама. Алматы, 2013.
  3. Биология 7-сынып. Алматы, 2007.
 
Scroll Up