Толық шағылу

Толық ішкі шағылу заңы қалай жұмыс істейді?

Жарық оптикалық тығызырақ ортадан оптикалық тығыздығы кемдеу ортаға өтсе, онда сәйкес sin α < sin β, немесе α < β, яғни сыну бұрышы түсу бұрышынан үлкен. 

Бұл жағдайда егер түсу бұрышын бiртiндеп арттыра бастасақ, онда сыну бұрышы да арта отырып, α – ның қандай да бiр αшек –ге тең мәнiнде ол 900-қа тең болады. Ал ендi α-ның мәнiн одан да әрi арттыратын болсақ, онда сынған сәуле екiншi ортаға өтпей сол бiрiншi ортада қалып қояды. Осы құбылысты толық iшкi шағылу құбылысы деп атайды.

 

Дереккөз : «Физика 11 класс», Л.Э. Генденштейн, А.Б.Кайдалов,В.Б.Кожевников. МНЕМОЗИНА баспасы, Мәскеу 2010

Scroll Up