Жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктер. Өсімдіктер эволюция барысында мұхитта тіршілік еткен біржасушалы талшықты эукариоттардан пайда болған. Қарапайым өсімдіктер – біржасушалы талшықты жасыл балдырлар осы күнге дейін тіршілік етуде. Осындай ағзалардан біртіндеп қазіргі су ортасында тіршілік ететін вольвокс сияқты, сондай-ақ көпжасушалы жасыл, қоңыр, қызыл балдырлар пайда болды (17-сурет). Барлық балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктерге жатады, өйткені олардың денесі бірдей жасушалардан тұрады. Олар ұлпалар мен мүшелерге бөлінбегендіктен, таллом немесе қабат деп аталады.
Балдырлардан басқа өсімдіктер жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады. Әртүрлі – ауа және топырақ ортасында тіршілік ету оларда мүшелер мен ұлпалардың қалыптасуына әкелді. Жоғары сатыдағы өсімдіктерге мүктәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашықтұқымдылар мен жабық- тұқымдылар жатады.


Мүктер бөліміне көпшілігінде маңызды екі мүше – сабақ пен жапырақтары болатын өсімдіктер жатады. Алайда мүктердің арасында денесі тек спорангийі бар жасыл пластинадан тұратын қарапайым формалары да кездеседі. Мысалы, бауыр мүктер. Олар да жоғары сатыдағы өсімдіктерге жатады. Бауыр мүктерінің вегетативті дене құрылысының қарапайымдылығы, олардың ерте пайда болғанын көрсетеді. Маршанциялар – бауыр мүктер класына жатады (102-суретті қараңдар).
Мүктер – құрлықта өсуге бейімделген алғашқы өсімдіктердің бірі. Бірақ оларда өткізгіш және тірек ұлпалары қалыптаспады. Сондықтан мүктер аласа болады, тек ылғал жерлерде өседі. Олардың тамыры болмайды. Кейбірінде тамырдың қызметін ризоидтар атқарады. Ризоид – бірнеше жасушалардан тұратын жіңішке жіп тәрізді сыртқы қабықтың өсіндісі. Ризоид арқылы өсімдік топырақтан суды және онда еріген минералды заттарды бойына сіңіреді. Мүктер спорангийде жетілетін споралар арқылы көбейеді (18-сурет).
Қырықбуындар және плаундар бөлімі – бұл жоғары споралы өсімдіктер. Көпжылдық шөптесін өсімдіктер мен шала бұталар олардың қазіргі өкілдері.
Қырықжапырақтар жоғары споралы өсім- діктерге жатады. Олар ертеде жойылып кеткен риниофиттерден пайда болуы мүмкін. Қырықжапырақтәрізділерге ұсақ шөптесін өсімдіктер болуына тамырсабақтың пайда болуы, өткізгіш және тірек ұлпаларының қалыптасуына мүм- кіндік берген жоқ. 300 млн-дай жыл бұрын ұзындығы 100 метрге дейін жететін алып қырықжапырақтар өсті. Олардың көбісі жой- ылып, таскөмір қорын түзді. Қазақстан аумағындағы барлық қырықжапырақтәрізділер – көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Бірақ Австралияның реликтілік ормандарында ағаш тәрізді қырықжапырақтар қазіргі кезде де өседі. Мүктәрізділер мен қырықжапырақ тәрізділер споралы өсімдіктерге жатады. Сондықтан оларға көбею мүшесі – спорасы бар спорангий тән (19-сурет).
