Сұйықтың оған салынған денеге әрекеті. Денелердің жүзуі
Егер дене сұйықтыққа толық батып, оның ішінде толық жүзіп жүрсе, онда денеге әрекет ететін Архимед күші ауырлық күшіне тең. Жүзу кезінде дененің вертикаль бойымен орын ауыстыру жылдамдығы өзгермейді. (1-інші сурет)
Егер бірдей шамаларды қысқартатын болсақ:
Сонымен дене сұйық ішінде толық батып, оынң ішінде жүзіп жүрсе, онда дене материалының тығыздығы сұйықтың тығыздығына тең болады.
Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшінен артық болса, онда дене сұйықтыққа батады. (2-інші сурет)
Бұдан егер дененің тығыздығы сұйықтың тығыздығынан артық болса, онда дене сұйықтық түбіне батады.
Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтықтық бетіне көтеріледі, яғни қалқиды. (3-інші сурет)
Есіңде сақта!
Дененің сұйықтық ішінде жүзіп жүруі, доп сияқты су бетінде қалқуы немесе батып кетуі сұйық пен дене материалының тығыздықтарының ара қатынасына байланысты.
Дереккөз : Физика және астрономия. Р.Башарұлы, У.Тоқбергенова, Д.Қазақбаева. 2007 жыл