Құстардың денесі бас, мойын, тұлға, құйырық бөлімдерге бөлінген. Алдында — қанаттары, артқы жағында аяқтары орналасады. Тұмсығы үстіңгі және астыңғы бөлімінен тұрады. Аяқтары төрт саусақты.
Жабыны: Құстардың терісі жұқа, әрі құрғақ бездері өте аз. Денесі сыртынан қауырсындарымен қапталған. Қауырсынның құрылысы: қаламша, мүйіздегі өзегі — сояуы, оның екі бүйіріндегі түзілісте — желпеуіштер болады. Құйымшақ безі майлы сұйықтықты бөледі, онымен құстар қанаттарын майлайды.
Қаңқасы: Құстардың қаңқасы жеңіл әрі берік болады. Қаңқа бас сүйектен, омыртқадан, алдыңғы және артқы белбеулерден, қол-аяқ сүйектерден тұрады. Бас сүйегіне көз, жоғары, төменгі жақтары (тұмсықтың негізі) жатады. Омыртқа бас бөлімнен тұрады: мойын (11 қозғалмалы біріккен омыртқалар), көкірек қуысы, бел, сегізкөз және құйымшақ бөлімдерінен тұрады, олар қозғалыссыз орналасқан. Көкірек қуысы көлемді , оны жалпақ төс сүйегі , бас жұп қабырғалар және арқа омыртқалары құрайды. Олар бірігіп берік байланысқан. Құстардың төс сүйегінің алдыңғы жағында қыры (киль) болады. Алдыңғы белдеуі жұп сүйектерден құралған: жауырын, бұғана және аша сүйектері. Бұғана аша сүйегін (вилочка) құрайды. Құстардың қанаттарының құрылысы: иық сүйегі, шынтақ, шыбық сүйектері, қанаттың үш саусақты бастамасы болады. Артқы белдеудің сүйектері — екі жамбас сүйегі, омыртқа жотасының бел және сегізкөз бөлімдері, алғашқы құйымшақ омыртқалары. Аяқтарындағы тілерсек, табан сүйектері бірігіп , жіліншек сүйегіне айналған.
Бұлшық еттері: Құстардың бұлшық еттері жақсы жетілген , әсіресе төс сүйегіндегі кеуде, бұғана асты бұлшық еттері өте жақсы дамыған. Олар қанаттарды төмен түсіруге көтеруге бейімделген. Мойын, қабырға аралық сан бұлшық еттері де жақсы жетілген.