Қосжарнақтылар классы

  • Қосжарнақтылар классы дегеніміз не ?
  • Оның қандай түрлері бар ?
  • Өмірде қаншалықты жиі кездесіп , қолданылады ?

Жалпы гүлдi өсiмдiктеp дара жарнақтылар және қос жарнақтылар деп 2 клaсқa бөледi. Oлapдың 450 тұқымдaсқa бipiгетiн 12,5 мың туысы және 250 мыңнaн aстaм түpлеpi анықталған .

Ал , Қaзaқстaндa 125-тей тұқымдaсы, 1000-нaн aстaм туысы, 6000-дaй түpi кездеседi.

Тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар классына жатады.

Негізгі белгілері :

  • Ұрығында 2 жарнағы бар .
  • Жапырақ тақталары әр түрлі . (саусақ салалы,жүйкелі,тор,қауырсынды)
  • Негізгі түзуші ұлпалары – камбий .
  • Кіндік тамырлы тамыр жүйесі .
  • Күлте және тостағанша сандары – 5 немесе 4.
Белгілері
Негізгі тұқымдастары :

Раушангүлділер тұқымдасы : ағаш , бұта , көпжылдық шөптесін өсімдіктер тобы . Жалпы 3000-ға жуық түрі бар болса , елімізде соның 35-сі кездеседі .

Жапырақтарының құрылысы алуан түрлі :   

  •  Жай жапырақтылары : алма ,алмұрт , долана , шие , өрік , тб.
  • Күрделі жапырақтылары : бүлдірген , құлпынай , таңқура» , тб
  • Қауырсын тәрізді : итмұрын , шетен , қараған , тб
  • Саусақ салалы : қазтабан , жатаған , тб.

Гүлдері қожынысты , гүлсеріктері қосарлы , аталықтары көп , бірақ аналығы біреу(шие,шабдалы)  немесе көп. Жемістері сәйкесінше алуан түрлі (құрғақ жемісті, шырынды жемісті , сүйекті-шырынды,тб) .

Бұршақ тұқымдастар – ағаш , шала бұта , бұта тобы . Жалпы 12000 түрі бар , елімізде 650-ге жуығы кездеседі . Жапырақтарында бөбешік жапырақ бар . 5 тостағанша жапырақша , 5 күлте жапырақшадан тұрады . Басым бөлігі бунақденелілер арқылы айқас тозаңданады .

Олардың маңызды ерекшелігі – түйнек бактерияларымен селбеседі .

Өмірдегі маңызы :

  • Тағамдық ( асбұршақ , соя , жасымық )
  • Мал азықтық (сары бөрібұршақ , беде , жантақ)
  • Дәрілік (кассия , жалаң қызыл мия)
  • Сәндік (қараған ) ; улы (тентекмия)
Бұршақ тұқымдастардың ерекшелігі

Көкнәр тұқымдастар : шөптекті , бұта , кішкене ағаш түрінде өсетін біржылдық өсімдік . Жалпы 700-ге жуық түрі бар , соның 44-і Қазақстанда кездеседі . 

Жапырағы кезектесіп орналасып , бөбешіктері жоқ болады . Сүтті шырын жақсы бөледі , гүлдері қосжынысты . Аталығы көп , аналығы да көп жеміс жапырақшасынан құралған .

1-жіңішке көкнәр ; 2-3 көкнәр ; 4- үлкен сүлейшөп .

Алабота тұқымдастар : біржылдық , көпжылдық шөптекті , шала бұталы , кішкене ағаш түрлерінде кездеседі . Жалпы 1500-ға жуық түрі бар .

Кіндік тамырлы , көпшілігі көріксіз , кең таралған . Сабағы мен бұтағы көп жағдайда бунақты болып келеді . Бөбешік жапыраұтары жоқ . Гүлдері ұсақ болғандықтан көзге бірден байқалмайды .

Тостаған жапырақшасы нешеу болса , аталығы да сонша немесе біреу болуы мүмкін . Желмен және бунақденелілермен айқас тозаңданады . Бұл тұқымдастарға қызылша , шпинат , сораң , сексеуіл жатады .

1-шпинат , 2- сораң , 3- қызылша , 4- сексеуіл

Алқа тұқымдастар : біржылдық , көпжылдық шөптсеін ,бұта, линалы өсімдіктер .

Ғаламшарда 2900-ге жуық түрі бар болса, оның 23-і Қазақтанда кездеседі . Гүлінде 5 кіріккен, 5 күлте жапырақшалар болғандықтан , кіріккенкүлтелілер деп атайды . Ортасында 5 аталығы және 2 аналық орналасады .

Тағам (картоп , баклажан , қызанақ ) , дәрілік немесе улы (сасық , қара меңдуана ) , сәндік (шырайгүл , қызылқұлақ ) –дарда қолданады .

Күрделігүлділер тұқымдасы : шала бұта , шырмауық , бұта , ағаш түрінде кездеседі , гүлді өсімдіктердің ең кең тараған түрі .

Дүние жүзінде 25000-нан астам түрі болса , елімізде 700-ге жуығы бар . 5 аталығы және бір аналығы бар .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Scroll Up