Процесстердің қайтымсыздығы

Әртүрлі энергия түрлерінің жылулық энергияға түрленуі жүретін кез-келген физикалық процесс қайтымсыз процесс болып табылады. Ол толығымен кері бағытта жүре алмайды. Термодинамикалық жүйе бастапқы күйіне қайтып келуі үшін энергетикалық шығындар, яғни, қоршаған ортада өзгеріс болуы қажет.

Термодинамикадағы процестердің мүмкін бағыттарын S энтропия арқылы анықтауға болады.

Энтропияның өзгерісі жүйенің берген немесе алған жылу  мөлшерінің процесс жүретін температураға қатынасымен анықталады:

мұндағы ΔS – энтропияның өзгерісі; ΔQ – жылу мөлшері; T – процестің кельвинде берілген температурасы.

Зерттеулер қайтымды процестер үшін энтропия тұрақты болатынын көрсетті, энтропияның өзгерісі нөлге тең. Қайтымсыз процестер үшін энтропияның өзгерісі нөлден жоғары. Бұл табиғатта, нақты қайтымсыз процестерде барлық энергия түрлерінің ішкі энергияға түрленуі басым болатынын айқындайды. Оқшауланған термодинамикалық жүйелер абсолют орнықты тепе- теңдікке жету үшін энтропияның ең жоғарғы мәніне ұмтылады.

Дереккөз : Физика 10 сынып оқулығы. Н.А. Закирова/Р. Р. Аширов,  2019 жыл

Scroll Up