Алдыңғы тақырыпта барлық заттардың жай және күрделі болып екіге бөлінетінін білдік. Жай заттарды металдар және бейметалдар деп бөледі.
Металдар — электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, қатты, металдық жылтыры бар заттар. Қалыпты жағдайда сынаптан(сұйықтық) басқалары қатты күйде болады. Мыс(қызыл), Цезий(сары), Алтыннан(сары) басқалары сұр түсті болып келеді
Бейметалдар — металдарға жатпайтын заттар. Олар әртүрлі агрегаттық күйге ие, мысалы бром — сұйықтық, хлор — газ, күкірт — қатты зат. Жартылай тоқ өткізгіштер ретінде қолданылады.
Күрделі заттар органикалық және бейорганикалық болып екіге бөлінеді. Органикалық қосылыстардың саны бейорганикалық қосылыстардың санынан әлдеқайда көбірек
Органикалық қосылыстар — көміртек қосылыстары, көміртектен басқа олар күкірт, азот, оттек, галогендер(хлор,йод,бром), сутек, фосфор сияқты элементтерден тұруы мүмкін. Органикалық қосылыстар адамның қмірінде барлық жерде кездеседі. Киім, пластмассалар, бояулар, тағамдардың барлығы органикалық қосылыстар болып табылады. Суреттегі бензизотиазолинон деген қосылыс жуғыш заттар дайындалуда қолданылады.
Бейорганикалық қосылыстар — органикалық қосылыстардан басқалары. Оларға әртүрлі минералдар, тау жыныстары жатады. Кәдімгі ас тұзы — бейорганикалың қосылыс, яғни натрий хлориді болып табылады. Алайда, құрамында көміртек бар бейорганикалық қосылыстар да бар, оларға көмір қышықыл газы (CO2), иіс газы(CO), көмір қышқылы(H2CO3), цианидтер(NaCN, KCN), карбонаттар (CaCO3, NaCO3), карбидтер (Al4C3)жатады.
Осы заттардың ішінен органикалық және бейорганикалық қосылыстарды анықтайық.
H2SO4 ,NH3 , MgCO3 , C2H5OH , Na2C2 , KCl , CH4 , Al2O3
Алдымен, құрамында көміртек атомы жоқ қосылыстарды белгілейік. Олар бейорганикалық болып табылады.
Яғни, H2SO4, NH3 , KCl, Al2O3 бейограникалық қосылыстар.
Карбонаттар және карбидтерде көміртек болғанымен, олар бейорганикалық қосылыстар.
Яғни, Na2C2 , MgCO3 бейорганикалық қосылыстар.
Метан газы және этанол(спирт) — органикалық қосылыстар болып табылады.