Негіздердің жалпы сипаттамасы

Қазіргі таңда негіз деген ұғымды осылай сипаттайды:

Бұл анықтаманы есепке ала отырып негіздердің жалпы формуласын Me(OH)n деп қорытындылауға болады. Бұл жерде : 

Ме — Металл атомы

ОН — Гидроксо тобы

n — металл валенттілігіне тең болып келетін  индекс, ол бір метал атомымен қанша ОН тобының бөшектері байланысатынын көрсетеді.

Толықтай түсіну үшін бірнеше мысалдарды қарастырайық :

1)NaOH — негіз, мұндағы металл — натрий(Na), ОН — гидроксо тобы, ал натрийдің валенттілігі 1-ге тең болғандықтан n=1 және 1 индексі әрдайым жазылмайтындықтан ОН тобынан кейін индекс жоқ. Яғни, бір натрий атомымен бір ОН тобының бөлшегі байланысқан.

2)Mg(OH)2 — негіз, мұндағы металл — магний(Mg), ОН — гидроксо тобы, ал магнийдің валенттілігі 2-ге тең болғандықтан n=2 және ОН тобының  индексі 2 болып жазылады. Яғни, бір магний атомымен екі ОН тобының бөлшектері байланысқан.

3)Al(OH)3 — негіз, мұндағы металл — алюминий(Al), ОН — гидроксо тобы, ал алюминийдің валенттілігі 3-ке тең болғандықтан n=3және ОН тобының  индексі  болып  3 жазылады. Яғни, бір алюминий атомымен үш ОН тобының бөлшектері байланысқан.

Номенклатура

Негіздерді атау үшін металл атауынан соң «гидроксиді» деген сөзді қосу қажет және егер де металдың валенттілігі ауспалы болатын болса, онда ол әдетте рим цифрімен беріледі. Мысалы:

Ca(OH)2кальций гидркосиді

KOH — калий гидроксиді

Fe(OH)3темір(III) гидроксиді 

Fe(OH)2темір (II) гидроксиді

Негіздердің жітелуі

Scroll Up