Химиялық реакциялар

Химиялық реакциялар — заттардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың химиялық құрамы мен құрылысы өзгеріп, басқа заттарға айналуы.

 

Химиялық реакциялар реагенттердің түйісуі нәтижесінде қалыпты жағдайда жүзеге аса береді, дегенмен кейбір кезде реакцияның жүруі үшін химиктер арнайы жағдай жасайды.

        Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары:

  • Жылу 
  • Реакцияға түсетін заттардың түйісуі
  • Жарық
  • Қысым 
  • Катализаторлар
  • Жарық

 

Химиялық реакцияның барысында орын алатын өзгерістер реакция белгілері болып табылады.

          Химиялық реакциялардың жүру белгілері:

  • Жылудың бөлінуі
  • Жарық
  • Тұнбаның түзілуі
  • Газдың бөлінуі
  • Түстің өзгеруі
  • Иістің өзгеруі

 

Мысалы, натрий гидроксиді мыс сульфатымен әрекеттескен кезде көгілдір тұнба түзіледі.

2NaOH+CuSO4 →Na2SO4+Cu(OH)2 

 белгісі тұнбаның түзілуін білдіреді. 

 

 

Газдың бөлінуін мыс пен азот қышқылының әрекеттесуінен байқауға болады. Реакция нәтижесінде қоңыр түсті газ бөлінеді.

Cu + 4HNO Cu(NO3)22NO2 ↑ + 2H2O

↑ газдың бөлінуін білдіреді.

 

«Плезантвиль» фильмінің кейіпкері өзінің түнгі уақытта салған қара түсті суреттерімен танымал боллды. Суреттердің басты ерекшелігі күндізгі уақытта олардың әртүрлі түске боянуы болған еді. Сиқыр? Жоқ, химия. Мәселен, суретшінің бояулары күн жарығының(ультракүлгін сәулелер) көмегінің арқасында реакцияға түседі. Дәл осы мысалда перициклдық реакциялар меңзелуде. Дәл осылай күн жарығында көзілдірік қараяды.

 hν белгіленуі ультракүлгін сәулеленуді білдіреді.

Калий перманганаты қалыпты жағдайда қатты зат. Оны қыздырған кезде ыдырау реакциясы жүзеге асады. 

2KMnO4 → K2MnO4 + MnO2 + O 2↑  

 

 

Видео «Наука детям» каналынан алынған.

 

Scroll Up