Химиялық реакцияларды қағаз бетіне түсіру үшін химиялық реакциялар теңдеудерін қолданады.
Мысалы, метан газы жанып, өнім ретінде көмірқышқыл газы мен су түзілді. Үйінде газ плитасы барлар осы реакцияны күнде көруде. Осы реакцияны баршыға түсінікті, стандартты түрге келтіру үшін химиялық реакция теңдеуін құрастырайық.
Метан + Оттегі → Көмірқышқыл газы + Су
Химиялық формулаларды қолданып, теңдеуді осы формаға келтіреміз:
CH4 + O2 → CO2 + H2O
Бірақ, бұл теңдеу әлі де толық емес. Келесі қадам -коэффициенттерді орнату. Химиялық реакцияларды құраған кезде әрдайым массаның сақталу заңына жүгіну қажет .
Осылайша, реакция теңдеуінің оң жағындағы атомдар саны сол жақтағы атом санымен тең болу қажет.
CH4 + O2 → CO2 + H2O теңдеуінде :
- Сол жақта төрт сутек, бір көміртек және екі оттек атомы бар.
- Оң жақта екі сутек, бір көміртек және үш оттек атомы бар
Олардың санын теңестіру үшін коэффициенттерді қою қажет(коэффициент пен индекс көбейтіледі):
- Сутек атомдарын теңестеру үшін сол жақтағы H2O алдына 2 коэффицниентін қоямыз. Теңдеу енді осындай түрге ие: CH4 + O2 → CO2 + 2H2O
- Бірақ, екі жақтағы сутек атомдарының саны тең болғанымен (4=2(коэффициент)*2(индекс)), әлі де оттек атомдарының саны әртүрлі, коэффициент қойылғаннан соң:
- Сол жақта төрт сутек, бір көміртек және екі оттек атомы бар.
- Оң жақта төрт сутек, бір көміртек және төрт оттек атомы бар.
3. Енді сол жақтағы оттегінің алдына 2 коэффициентін түсіріп, теңдеуді толықтай теңестіреміз: CH4 + 2O2 → CO2 + 2H2O
- Сол жақта төрт сутек, бір көміртек және төрт оттек атомы бар.
- Оң жақта төрт сутек, бір көміртек және төрт оттек атомы бар.
Келесі мысал: Алюминий + бром → алюминий бромиді
Al + Br2 → AlBr3
- Сол жақта бір алюминий, екі бром атомы бар.
- Оң жақта бір алюминий, үш бром атомы.
- Бром санын теңестірейік: Ол үшін 2 және 3 санының ең кіші ортақ еселігін табамыз. Ең кіші ортақ еселік 6-ға тең. 6-ны 3-ке бөлеміз, шыққан 2 саны оң жақтағы алюминий бромидінің алдына коэффициент болып барады. 6-ны 2 — ге бөліп, шыққан 3 санын сол жақтағы бромның алдына қоямыз. Теңдеу енді осындай түрге ие: Al + 3Br2 → 2AlBr3
- Алюминий бромидіне 2 коэффициентін қойғандықтан, алюминий атом сандары әртүрлі.
- Сол жақта бір алюминий, алты бром атомы бар.
- Оң жақта екі алюминий, алты бром атомы бар.
3. Сондықтан сол жақтағы аллюминийге 2 коэффициентін орнатамыз. Теңдеу теңестірілді:
2Al + 3Br2 → 2AlBr3

Келесі мысал: Натрий + мыс фосфаты → натрий фосфаты + мыс
Na + Cu3(PO4)2 → Na3PO4 + Cu
- Сол жақта бір натрий, үш мыс атомдары және екі PO4 бөлшегі бар.
- Оң жақта үш натрий, бір мыс атомы және бір PO4 бөлшегі бар
- PO4 бөлшектерінің санын теңестіру үшін натрий фосфатының алдына 2 коэффициентін қоямыз. Теңдеу: Na + Cu3(PO4)2 → 2Na3PO4 + Cu
- Натрий сандарын теңестіреміз, натрий фосфатына 2 қойғандықтан, сол жақтағы натрий саны 3 емес, 6-ға тең болды. Сондықтан натрий алдына 6 коэффициентін қоямыз. 6Na + Cu3(PO4)2 → 2Na3PO4 + Cu
- Енді сол жақтағы мыстың алдына 3 коэффициентін қойып, теңдеуді толықтай теңестіреміз. 6Na + Cu3(PO4)2 → 2Na3PO4 + 3Cu