Егер де сен заттардың неден тұратыны және оның неге ерекше түс пен иіске ие болуы, немесе оның қатты не жұмсақ болып келуі туралы ойланған болсаң, химия ғылымы сұрақтырыңа жауап бере алады.
Сәбіз неліктен қызғылт - сары түске боялған?
Бета-каротин
Оны осы түске бояйтын химиялық қосылыс бета-каротин деп аталады. Ол тек қана сәбізде ғана кездеспей, балықтардың уылдырығын, асқабақ, қауын және басқа да көптеген заттарды қызғылт-сары түске бояйды.
Газ балонынан газ шығып отырған кездегі иіс бәрімізге де таныс.
Терт бутил тиол
Шын мәнінде, балоннан табиғи газ (метан) шыққанымен, бұл өткір иіс терт-бутил тиол деген қосылыстан пайда болады. Бұл адамдардың сынықты тез байқап, шаралар қолдану үшін жасалған. Оны метанмен 50 000 000 000:1 қатынасында баллонға қосады. Мәселен, табиғи газдың иісі болмайды.
Есіңде сақта!Химия - заттарды, олардың құрылысын мен құрамын, қасиеттерін, және олардың бір-біріне айналу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.