Ерітінділер

Адам күнделікті  өмірде ерітінділерді жиі кездестіреді. Мысалы, шайға қант қосуды немесе жедел дайындалатын кофе дайындауды ерітінді дайындауға жатқызуға болады. Бұл мысалдардағы еріткіш — су.

Еріткіштерді еріту қасиеттеріне қарай екі түрге бөлуге болады — полярлы және полярсыз. Полярлы еріткіштерге су, спирттер, кетондар жатады. Полярсыз еріткіштердің ішінде керосин мен бензолды атап өтуге болады. Полярлы ертінділерде полярлы қосылыстар, ал полярсыз ертікіштерде полярсыз қосылыстар ериді.

Мысалы, су молекуласы полярлы. Оттек атомының электртерістілігі сутек атомдарының электртерістіліктерінен әлдеқайда үлкен.

 

 

Электрондардың жылжуын және жартылай зарядтардың қалыптасуын берілген суреттен көре аласыздар. Жартылай заряд сигма(σ) әрпімен белгіленеді.

Scroll Up