Бірақ, бір периодта орналасқан элементтердің сыртқы қабаттарының саны бірдей. Осы жағдайда электртерістіліктерін қалай салыстыруға болады? Ол үшін қайтадан кулон заңын еске аламыз
F= K|q1||q 2 |/r2
Формулада көрсетілгендей тартылыс күші зарядқа тура пропорционал болып келеді. Ал ядроның заряды қалай анықталады? Дұрыс, ондағы протондар санымен анықталады, Яғни ядродағы протондар саны қаншалықты көп болса, заряд та оған сәйкесінше жоғарлайды. Онда екінші периодта орналасқан элементтерді қарастырайық: Li, Be, B, C, N, O, F.
Литийдің — 3, берилийдің — 4, бордың — 5, көміртектің — 6, азоттың — 7, оттегінің — 8, фтордың — 9 протоны бар. Онда:
q(F)>q(O)>q(N)>q(C)>q(B)>q(Be)>q(Li)
Сондықтан, электртерістілік:
Li<Be<B<C<N<O<F
Яғни, период бойынша оңға жылжыған сайын электртеріслік артады, өйткені протондар саны және ядро заряды артады. Осыны түсіне отыра, келесі элементтердің электртерістіліктерін салыстыр: Na мен Mg; S пен Сl. Жауабын төменде таба аласың.