Атом құрылысы

Атом ядро мен электрондық бұлттан тұрады. Ядро — атом массасының 99,9% құрайтын атомның ортаңғы бөлігі. Ол нейтрондар мен протондардан құралған. Ядроның сыртында атомның орбиталдері бойымен электрондар козғалады
Нейтрондар
Нейтрондар атом ядросының бейтарап бөлшегі. Оның массасы- 1,67*10-27 кг
Электрондар
Электрондар — атом ядросының сыртындағы орбитальдерде қозғалатын теріс зарядталған бөлшектер. Химиялық реакциялар әртүрлі атомдардың электрондарының алмасуы нәтижесінде жүзеге асады. Электронның массасы нейтрон мен протонның массаларынан әлдеқайда кішірек және 9,1*10-31 кг құрайды.
Протондар
Протондар нейтрондармен бірге атомның ядросын құрайды. Протон оң зарядталған бөлшек және оның массасы 1,67*10-27 кг-ға тең.
Протон заряды +1,6*10-19 кулонға, ал электрон заряды -1,6*10-19 кулонға тең. Бұл зарядтар бірлік оң заряд және бірлік теріс заряд деп аталады.
Атомдар — бейтарап бөлшектер. Осыны есепке ала отырып, атомдағы электрондардың теріс мен протондардың оң зарядтары бір-бірін бейтараптауы тиіс деген тұжырамдамаға келуге болады. Олардың зарядтарының модулі бірдей шамаға тең болғандықтан, атомдағы протон саны мен электрон саны бірдей болып келеді.
Атомдардың құрылымы химиялық реакцияларда өзгермейді, олардың тек қана орналасу реті ғана ауысады. Дегенмен, термоядерлық реакцияларда атомның құрылымы өзгеруі мүмкін.
Атомдар бір-бірінен құрамымен, яғни электрон,протон және нейтрон сандарымен, массалары және өлшемдерімен ерекшеленеді. Мысалы:

Натрий атомы

Оттек атомы
Молекулалар
Атомдар өздігінен болып өте сирек кездеседі, олар бірігіп, молекулаларды түзеді. Молекуладағы атомдар арасындағы байланыс электрондар арқылы жасалады.
Молекулалар әртүрлі атомдардан тұрады және атомдар саны әркелкі болуы мүмкін, мысалы:

Триниитротолуол
Тринитротолуол(ТНТ) - жарылғыш зат ретінде қолданады және 7 көміртек, 5 сутек, 3 азот, 6 оттек атомынан тұрады

Көмірқышқыл газы
Көмірқышқыл газының молекуласы екі оттек және бір көміртек атомынан тұрады

Азот газы
Азот газының молекуласы бір-бірімен байланысқан екі азот атомынан тұрады
Мысалы, су және сутек пероксиді бірдей атомдардан құралған, бірақ олардың саны мен орналасу реті химиялық және физикалық қасиеттеріне әсер етеді:

Сутек пероксиді
Екі сутек және екі оттек атомынан тұрады, екі оттек атомы бір-бірімен жәнет әрбіреуі бір сутекпен байланысқан.
- Тығыздығы — 1,4г/см3
- Қайнау температурасы — 150ºС
- Әлсіз қышқылдық қасиетттері бар
- Күшті тотықтырғыш
- Дезинфекцияда қолданады

Су
Молекула екі сутек және бір оттек атомынан құрылған.
- Тығыздығы — 1г/см3
- Қайнау температурасы — 100ºС
- Бейтарап орта көрсетеді, рН=7
- Адам өміріне қажет