Жылу сыйымдылығы

Қоршаған ортамызда денелер өзінің тегіне, пішініне, түріне байланысты әр түрлі болып келеді. Олардың түрлі болуын сипаттау үшін физикада жаңа шамаларды енгізеді. Осындай шамалардың бірі-бұл жылу сыйымдылық.

Жылу сыйымдылық денелердің температура өзгерісі мен жылу мөлшерін байланыстыратын шама. Кезкелген дене өзінің температурасын жоғарлату үшін энергияны қажет етеді немесе өзінің температурасын төмендеткен кезде энергияны бөледі. Осындай процесстерде жылу сыйымдылық ұғымы қолданады.

Жылу сыйымдылық деп, дененің бір градусқа жылыту үшін қажет энергия мөлшерін деп атайды. Оның өлшем бірлігі Дж/℃. Осы шама дененің тегіне және массасына тәуелді. Дегенмен, физикада көбінесе меншікті жылу сыйымдылығы ұғымын қолданады. Ол тек дененің тегіне байланысты болады. Ол 1 кг денені 1℃ жылыту үшін қажет энергия мөлшерін көрсетеді. Оның өлшем бірлігі Дж/(кг*℃). Жылу сыйымдылықты үлкен С әрпімен белгілейді, ал меншікті жылу мөлшерін кішкентай c әрпімен белгілейді

Осы суретте көрсетілгедей жылу сыйымдылық және меншікті жылу сыйымдылық формулалары көрсетілген. Осы формулалар арқылы денені ΔT температурасына жылыту үшін қажет энергия мөлшерін таба аламыз. 

Осы жоғарыдағы формулалар қосымша с мен С арасындағы байланысты байқауға болады. Осы екі шаманы мынадай формуламен беруге болады.

С=mc

осы формула арқылы меншікті жылу сыйымдылықты және жылу сыйымдылықты байланыстыруға болады.

 

VS

Енді түрлі денелерді салыстырсақ, қай денелер ең үлкен меншікті жылу сыйымдылыққа ие?

Мысалы: Күміс пен Су. Қайсысының 1кг-мын  1℃-қа жылыту үшін энергия көбірек қажет болады? 

Осы кестеге қарасақ, судың меншікті жылу сыйымдылығы 4200Дж/кг ºС, ал күміс 250 Дж/кгºС. Осылайша судың тылу сыйымдылығы көбірек болып келеді. 

Scroll Up