Алайда біздің жасаған тұжырымымыз қате болуы мүмкін. Энергия әрине ыстық денеден суық денеге өтеді, бірақ жылы дененің жоғалтатын барлық жылу суық денеге барама?
Осы сұраққа жауап беру үшін энергияның алмасу принципін түсіну керек. Энергия аламасуы орта арқылы пайда болады. Молекулалар басқа заттың молекулаларымен соқтығысып энергиямен алмасады. Енді біздің мысалымызға оралатын болсақ, біз екі дене арасындағы жылу алмасуды қарастырдық және энергияның бір денеден екіншіге өтетін деп санадық. Осы тұжырым бір жағдайда болады.
Денелер жүйесі оқшауланған болса, онда энергия сақталады, денелер қанша энергияны жоғалтса, сонша сіңіреді. Оқшауланған жүйе- дегеніміз тек жүйедегі денелер арасында ғана жылу алмасу болатын және басқа жылу жоғалтулар болмайтын жүйе