Жарықтың шағылуы

Жарық шығармайтын барлық денелер өздеріне түскен жарық сәулелерінің шағылуы арқасында көрінеді. И.Ньютон жарықтың дене бетімен әрекеттесуін зерттей келе, жарық — бөлшектердің ағыны деген тұжырымға келді. Ол бөлшектердің денемен соқтығысуын серпімді және серпімсіз деп қарастырды. Серпімді соқтығысу кезінде бөлшектер дене бетінен шағылады. Ал серпімсіз соқтығысу кезінде бөлшек дене бетінде қалып, жұтылады. И.Ньютон механика заңдарын қолданып, жарықтың шағылу заңын қорытып шығарды.

Тәжірибе мен дәлелдемелер

∙ Бильярд шарлары

Жарық бөлшектерінің шағылуын үстел жақтауына бильярд шарының соғылуына ұқсатуға болады.

Егер шарды жақтауға үстел жақтауына перпендикуляр болатын сызықтың бойымен бағыттап ұрса, онда шар сол сызықтың бойымен кері қайтады. Егер шарды перпендикуляр сызыққа α бұрышымен бағыттаса, онда ол α бұрышына тең болатын β бұрышымен кері қайтады.

оптика 8 сынып физика, шағылу заңы, тусу бурышы,

∙ Оптикалық дискілер

Тексеру үшін оптикалық дискімен тәжірибе жүргізу керек.
  • Дискінің ортасына жазық айна орналастыру.
  • Жарық көзінің көмегімен жарық сәулесін айнаның бетіне перпендикуляр бағыттау: сәуле өзінің түсу сызығының бойымен кері шағылады (1-сурет).
  • Жарық сәулесін айна бетіне тұрғызылған перпендикулярға қатысты қандай да бір α бұрышпен түсіру. Сәуле α бұрышына тең  β бұрышымен шағылады. α бұрышын үлкейтсек,  β бұрышы да тура сол мәнге үлкейеді. 
Жарықтың шағылу заңдарын осылай  тексеруге болады (2-сурет).
оптика 8 сынып физика, шағылу заңы, тусу бурышы,
1-сурет. Айнаның бетіне перпендикуляр сәуле кері бағытта шағылады
2-сурет. Жарық сәулесінің түсу бұрышы шағылу бұрышына тең

Айналық және шашыранды шағылу

Тәжірибе.

Айнаның бетін кедір-бұдыр ақ қағазбен жауып, оған бірнеше параллель сәулелер түсірейік. Шағылған сәулелер еркін бағытта шашырайды. Әртүрлі беттен шағылған сәулелердің таралу жолының бейнесін салып, салыстырайық.

Айнаның тегіс бетіне түскен сәуле шоқтары параллель шоқ болып шағылады. Кедір-­бұдыр беттен шағылған сәулелер шашырайды (3-­сурет). Ақ қағаз беті, бөлменің ақ қабырғасы өздеріне түскен жарық сәуленің 90%­ын шағылдырса да, біз ол жерлерден өз кескінімізді көрмейміз. Шынының, жылтыратылған металдың, судың айнадай тегіс бетінен кескіндер көрінеді.

оптика 8 сынып физика, шағылу заңы, тусу бурышы,
3-сурет. Айналық және шашыранды шағылу

Дереккөз : Физика 8 сын. Н.А. Закирова /Р. Р. Аширов У. 2018 ж.

Scroll Up