Зерттеулер,өлшеулер,гипотезалар ,тәжірибелер мен эксперименттер

Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең таралған үш ғылым әдісті атап кетуге болады : бақылау , эксперимент , гипотеза (болжам)

Бақылаулар негізінен ғылыми деректер жинақтау үшін қолданылады . Алынған деректерді өзара салыстырып , жүйеге түсіру арқылы әлемнің әйгілі ғалымдары көптеген заңдарды ашты . Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой-қорыту амалдарын , яғни теориялық зерттеулерді  рет-ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жаңа деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып , олардың арасында себеп-салдарлық байланыстар бар ма? деген негізгі сұраққа жауап іздейді . Ғылыми деректермен негізделген жорамал — болжам (гипотеза) деп аталады . 

Назар аудар!

  • Бақылау → Болжам →Тәжірибе (эксперимент) → Қорытынды

Әр түрлі эксперименттер жүргізуде адамдарға арнайы жасалған құралдар мен аспаптар үлкен көмек жасайды . Кейбір физикалық аспаптар өте қарапайым болып келеді . Олардың қатарында тектеуіш , термометр , вольтметр , таразы , секундомер , батареялар және т.б болып табылады. 

Таразы
Жер сілкінісін тіркеу және табу үшін қолданылатын құрылғы - сейсмограф
Вольтметр
Өлшеуіш ыдыстар

Дереккөз : Физика және астрономия 7 сын. Башарұлы Р./Тоқбергенова У. 2007 ж.

Scroll Up