Тепе-теңдіктің түрлері. Денелер тепе-теңдігінің тұрақтылығы

Тепе- теңдіктің үш түрі бар: орнықты, орнықсыз және талғаусыз күй. 

Тепе теңдік түрлері

Егер тепе- теңдік күйінен шығарылған дене бастапқы күйіне қайта оралса, онда тепе- теңдік орнықты деп аталады.

 

Егер тепе- теңдіккүйінен шығарылған дене одан әрі тепе- теңдік күйден ауытқи беретін болса, тепе- теңдік орнықсыз деп аталады.

 

Егер тепе- теңдіккүйінен шығарылған дене өзінің бастапқы күйін өзгертпесе, тепе- теңдік талғаусыз деп аталады.

Дене орнықты тепе- теңдік күйінен ауытқыған кезде оны қайта тепе- теңдік күйіне келтіретін күштер пайда болады. Орнықты тепе- теңдік кезінде дененің ауырлық центрі барлық мүмкін күйлердің ең төменгімәнінде орналасады. Орнықты тепе- теңдік күйінде дене ең минимал потенциалдық энергияға ие болады. Мысалы, тербелмелі орындық орнықты тепе- теңдік күйде болады.

Дене орнықсық тепе- теңдік күйінен сәл ғана ауытқыса да, денеге әсер ететін күштердің теңәсерлі күші дененің тепе-теңдік күйден ауытқуын арттыра түседі. Орнықсыз тепе- теңдік күйінде ауырлық центрінің биіктігі ең үлкен мәнге ие болады, демек, дененің потенциалдық энергиясы максимал мәнге ие болады. Орнықсыз тепе- теңдік күйдегі денеге даршы( арқан бойымен жүретін адам) мысал бола алады. 

Талғаусыз тепе- теңдік күйдегі дененің потенциалдық энергиясы өзгермейді, себебі ауырлық центрінің биіктігі бұрынғы қалпында қалады. Талғаусыз тепе- теңдік горизонталь жазықтықта домалап бара жатқан шар тәріздес денелерге, дөңгелектерге тән.

Тепе теңдік

Дереккөз : Физика 10 сын. Н.А. Закирова /Р. Р. Аширов У. 2019 ж.

Scroll Up