Денелердің ыстық немее суық болуын біз температура арқылы біле аламыз. Егер дененің температурасы жоғарырақ болса, онда ол ыстығырақ келетін деп айтуға болады. Жалпы температура– макроскопикалық жүйенің термодинамикалықтепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама. Интуитивті түсіну үшін температура дененің термодинамикалық күйін сипаттайтын шама, яғни дененің температурасы неғұрлым ыстық болса, соғұрлым дененің молекулалары белсендірек болып келетінін тұжырымдауға болады.
Температураны өлшеу үшін арнайы шамаларды енгізеді. Басқа өлшемдер сияқты температураны түрліше есептеуге болады. Ең танымал температура шакалалары Цельсий Фаренгейт және Кельвин шкаласы болып келеді. Қазақстанда Цельсий шкаласы кеңінен қолданылады, Америкада Фаренгейт шкаласы қоладынылып жүр. Осы үш шкаланың біреуі қате деп айта алмаймыз! Әр шкала дұрыс болып келеді, тек олардың санақ жүйелері түрлі болып келеді.
Цельсий шкаласы өмірде ең кең таралған шкала. Цельсий шкаласы негізгі екі нүктеге қатысты құралған, бірінші-су мұзға айналу температурасы, екінші-су булану температурасы. Осы екі нүкте арасындаға температура аралықты Цельсий 100 градусқа бөлді. Осылайша Цельсий шкаласы құралды. Алайда, Цельсий шкаласы атмосфера қысымына тәуелді болғандықтан, ол қайтадан қарастырылған болатын. Су булануы ауа температурасына байланысты болғандықтан Цельсий шкаласыда өзгеруі мүмкін еді, бірақ кейін Цельсий шкаласы судың үш нүктесіне және абсолюттік ноль түсініктеріне қатысты қарастырылып нақталды.
Абсолюттік ноль дегеніміз не? Абсолюттік ноль түсігіне негізделіп Кельвин шкаласы құралды.
Кельвин шкаласа ХБЖ жүйесінде қолданылатын шкала болып келеді. Кельвин шкаласы абсолюттік нольге қатысты құралды. Қысқаша айтқанда, Абсолюттік ноль– деп дененің толық активтілігі тоқталатын нүктені айтады, яғни дене абсолюттік нольге жеткенде оның ішіндегі молекулалар өзінің қозғалысын тоқтатып, дене «толық тыныштыққа» жетеді. Осы нүктені Кельвиннің есептеулерінде -273°C болып келеді немесе оны 0K нүктесіне сай болып келеді. Осылайша Кельвин шкаласындағы тумператураларды табу үшін мынадай формуланы қолдануға болады.
T=t+273K
Осыған қоса Фаренгейт шкаласын ұмытпау керек.