Түзу бойындағы үдемелі қозғалыс

Удемелі қозғалысты түсіну үшін үдеу түсінігімен танысу керек.

 Үдеу-жылдамдықтың өзгеруін көрсететін векторлық шама, яғни үдеу жылдамдық өзгерісінің уақыт өзгерісінің қатынасы болып келеді(Δv/Δt). Мысалы: машина басында тыныштық күйден(v=0) 5м/с жылдамдыққа дейін 5с ішінде жылдамдатылды. Машинаның үдеуі қандай?

 Үдеуді жоғарыдағы формуланы қолданып табамыз. a=Δv/Δt=(5-0)/5=1м/c^2. Егер үдеу теріс мәнге ие болса, онда дене баяулайды. Осы есепте біз денені тең үдемелі қозғалып жатқанын қарастырдық. Осындай жағдайда a=const! Осы парақта біз дененің тек тең үдемелі жағдайын қарастырамыз.

Енді үдемелі қозғалыстың графиктерімен танысайық. 

 Егер дене бастапқы жылдамдығы V0 және үдеуі a болса, дененің жылдамдығы қалай өзгереді? Жылдамдықтың уақытқа қатысты графигі қандай болады?

Жылдамдықтың графигі

Көрсетілген график жылдамдықтың теңүдемелі қозғалысындағы графигі болып келеді. График V0-ден басталып, бірдей уақыт аралықтарында жылдамдық бірдей мәнге өзгереді.

Жылдамдықтың теңдеуі

Графикте көрсетілген теңдеуді осы формуламен сиппаттауға болады. Біздің жағдайымызда дене жылдамдатылып бара жатқандықтан +at деп алынады. Егер дене баяулап бара жатса, онда формулада -at деп алынады.

 Осы график арқылы дененің жылдамдатылып немесе баяулап бара жатқанын түсінуге болады. Егер графиктегі түзу жоғары баратын болса, дене жылдамдатылып бара жатыр, егер төмен баратын болса, дене баяулап келе жатыр(градиент осы жағдайда дененің үдеуін көрсетеді).   Суреттегі жағдайда түзу жоғары бара жатыр, дене жалдамдатылып келе жатыр.

Координатаның графигі

Суретте 4 график берілген. Осы төрт графиктің тек біреуі теңүдемелі дененің графигіне сай келеді. (Дұрыс жауап 1-ші график)

 3 пен 4-графикті қарастырайық, графиктің түзуі горизонталь жатыр, бұл дененің координатасы өзгермейтінін көрсетеді. Егер дененің координатасы тұрақты болса, дененің жылдамдығы 0-ге тең. Бұл теңүдемелі қозғалыстың графигіне сай келмейді.+

2-графикті карастырсақ, дене қозғалысы X=X0+Vt (біздің жағдайымыз үшін X0<0)теңдеуімен сипатталады. Теңдеу арқылы дененің тұрақты жылдамдықпен келе жатқанын байқауға болады -> a=0.

Қозғалыстың теңдеуі

1ші-графикті қарастырсақ, ол параболаның графигі болып табылады. Шынымен де, парабола теңүдемелі қозғалыстың графигі болып табылады. Біздің жағдайымыз S0=0 сол үшін графиктің формуласы суреттегі формуламен сипатталады. Жалпы түрде +S0 мүшесін қосу керек және +at^2/2 мүшесінің алдындағы "+" немесе "-" ескеру керек. Егер жылдамдатылып бара жатса онда "+", егер баяулап баратын болса, онда "-" болады. (+V0-бастапқы жылдамдық, a-үдеу)

Scroll Up