Салыстырмалы қозғалыс. Галилей түрлендірулері

Screen Shot 2020-04-30 at 09.50.59

 Күнделікті өмірде денелер бір-біріне қатысты қозғалады. Олардың қозғалысын сипаттау үшін біз оларды белгілі бір санақ жүйесіне қатысты қарастырамыз. Көбінесе біз қозғалысты жерге немесе тыныштықта тұрған бақылаушыға қатысты қарастырамыз, бірақ дененің қозғалысы қозғалып бара жатқын басқа денеге қатысты қарастырылуы мүмкін. Мысалы суретте көрсетілгендей адам автобус ішінде бара жатыр. Жүргізушіге қатысты қозғалысты қарастыратын болсақ, адам бір жылдамдықпен, ал автобусқа қарап жатқан адам үшін ол басқа жылдамдықпен қозғалады. 

Қозғалыстың салыстырмалығы  туралы алғаш рет Галилей ойланды және өзінің түрлендірулерін жазды. Осы түрлендірулер арқылы біз бір санақ жүйесінен екіншісіне көше аламыз. 

Осы жоғарыдағы анимацияда ұшақтың түрлі ауаның бағытындағы қозғалысы көрсетілген. Осы кезде Галилейдің түрлендірулерін еске алу керек, себебі ұшақ ауаға қатысты қозғалады, ал ауа қосымша жерге қатысты қозғалады.

                Осы формула Галилей түрлендірулері деп аталады.

             V-дененің бірінші санақ жүйесіндегі жылдамдығы

              V1-дененің екінші санақ жүйесіндегі жылдамдығы

                u-екінші санақ жүйесінің бірінші санақ жүйесіне қатысты жылдамдығы

Осы формула векторлық түрде жазылғанын ескеру керек! Мысал ретінде бірінші санақ жүйесі O және екінші санақ жүйесі O′ деп көрсетілген.

Scroll Up