ПӘК (Пайдалы әрекет коэффициенті)

Машиналардың қандай да түрін алсаңдар да олардың жұмыстарының бір бөлігі ортадағы (ауадағы , сұйықтағы , қатты денелердегі ) кедергі немесе үйкеліс күштеріне қарсы жұмыс атқаруға жұмсалады . Сөйтіп , механизмдерге берілген энергия олардың қозғайтын денелеріне тұтас күйінде жете алмайды . Осыдан  барып механизмдер істейтін жалпы немесе толық жұмыс және пайдалы жұмыс деген ұғымдар енгізіледі .

 

Механизмдердің басқа денелерді қозғалысқа келтіретін жұмысты пайдалы жұмыс деп атайды . 

Механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициенті деп пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасын айтады : 

Барлық механизмдерді құрастыруда оның ПӘК-ін арттыруға тырысады. Ол үшін өзара әрекеттесетін мүшелердің арасын майлайды , бұл арасында пайда болатын үйкеліс күшін азайтып , пайдалы әрекет коэффициентін арттырады.

Scroll Up