Молекулалардың арасында өзара тартылыс бар. Әрбір молекула өзіне барлық көрші молекулаларды тартады, және олармен өзі тарылады. Біз жіпті жыртқанда немесе таяқшаны сындырғанда ,қағаздың бір бөлігін жыртып алғанда, молекулалар арасындағы тартылыс күштерін жеңеміз.Егер парақтар сумен суланса, олар бір-біріне жабысып қалады, өйткені су молекулалары қағаз молекулаларына соншалықты жақын келіп, тартылыс күші әрекет етеді.