m0 – бір молекуланың массасы/абсолютті масса [m0] = 1 кг
v – зат мөлшері [v] = 1 моль
Mr – салыстырмалы молекулалық масса [Mr] = өлшемсіз
Физика мен химияда атомдар мен молекулалар массаларын өлшеу үшін бірыңғай өлшем жүйесі енгізілген.
Моль(v) – 12С изотобының 12 граммында көміртектің қанша атомдары болса, сонша құрылым бөлшектері (молекулалар, атомдар, иондар, электрондар) болатын зат мөлшері. Белгіленуі:[v] = моль.
Зат мөлшерін табатын формула
Массаның атомдық бірлігі көміртек 12С атомы массасының 1/12 бөлігіне тең.
1 м.а.б. = 1/12 · m(12С) = 1.66057·10-27 кг ≈ 1.66·10-27 кг
Есіңде сақта!
Халықаралық келісімге сай барлық молекулалардың массаларын көміртек атомы массасының 1/12 бөлігімен салыстырады.
Салыстырмалы молекулалық масса (Mr) – заттың молекуласының орташа массасының атомы массасының 1/12 бөлігіне қатысына тең өлшемсіз шама. Мысалы, О2газының салыстырмалы молекулалық массасы 32-ге тең.
Молекуланың абсолютті масса салыстырмалы молекулалық массаны 1 м.а.б.-не көбейткенге тең.
m0 = Mr · 1.66·10-27
12С изотобының 12 граммында NA = 6.022·1023 атом болады. Сонымен, зат мөлшерінде осы заттың 6,022·1023 құрылым бөлшектері болады. NA физикалық шамасы Авогадро тұрақтысы деп аталады және өлшемі [NA] = моль-1. Оны 1811 жылы итальян ғалымы А.Авогадро анықтаған. Соның құрметіне тұрақтыға осындай есімберген.
Шығару жолы!Авогадро тұрақтысы көміртек изотобының 12 граммындағы (12·10-3кг)бөлшектер санын сипаттайды. Көміртек атомының массасы 1.995·10-26 кг-ға тең.
Авогадро тұрақтысын табу жолы
Есіңде сақта!
Авогадро тұрақтысы (NA) – кез-келген заттың бір молінде болатын атомдар немесе молекулалар саны.
Мәні: NA = 6.022·1023моль-1
Молярлық масса (М) – 1 моль заттың массасы. Молярлық массаның өлшемі [М] = г/моль.
M = Mr · 10-3 M = m0 · NA
Молекуланың массасы (m) – денедегі барлық бөлшектерінің толық массасы.
m = N · m0
Молекулалық масса мен зат мөлшерінің байланысы.
Қортындылай, дененің молекулалар санын табатын формула
Дереккөз : Оқушының қысқаша анықтамалығы 5-11 сын. П.И.Алтынов/П.А.Андреев/А.Б.Балжи, 2006 ж.