МКТ-ның негіздері

Зат құрылымының молекулалық-кинетикалық теориясын (МКТ) көптеген бақылаулар мен тәжірибелердің қорытындысы ретінде М.В.Ломоносов жасады.

1. Барлық денелер микробөлшектерден тұрады, әр дененің массасы өзін түзетін микробөлшектердің массаларының қосыныдысына тең. 

2. Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады, сонымен қатар бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді болғандықтан оны жылулық қозғалыс деп атайды. Людвиг Больцман дененің қозғалыс жылдамдығының оның температурасына тәуелдігін келесі формуламен өрнектеген.

Мұндағы к-Больцман тұрақтасы, Т - дененің температурасы, m(0) - бөлшек массасы

3. Денегі микробөлшектер өзара әсерлеседі, әрі өзара әсерлесу күшінің тегі электромагниттің болып табылады. Дене бөлшектерінің арасында заряд шамасына байланысты тебілу күштері де, тартылу күштері де болады.

 

МКТ-ның негізгі қағидалары денелерде өтетін жылулық процесстерді (қыздыру, суыту, фазалық өтулер) сипаттау кезінде де, денелердің жылу өткізгіштік теориясын жасауда да аса маңызды рөл атқарады. 

Scroll Up