Физикада «жұмыс» үғымын кез келген дененің әрекетімен түсіндіреді.Мысалы , аққан су мен соққан жел де , құмырсқа мен бал арасы да жұмыс атқарады .
Физика негізінен механикалық жұмысты қарастырады . Күш әрекетінен дене орын ауыстырса ғана механикалық жұмыс жасалады.
- Есіңде сақта!
Дене орын ауыстырғанда күштің атқарған жұмысы механикалық жұмыс деп аталады.
Сөйтіп , дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы күшке де , жүрілген жолға да тура пропорционал болады. Бұл қорытында қысқаша өрнекпен сипатталады :

Жұмыстың өлшем бірлігіне 1 Ньютон (1 H) күштің денені 1 метрге жылжытқандағы жұмысы алынады. Бұл жұмыстың бірлігі джоульді (Дж) береді .

Жұмыстың джоульден үлкен де , кіші бірліктері бар .
1 килоджоуль (1кДж) = 1000 Дж = 103 Дж ;
1 миллиджоуль (1 мДж) = 0,001 Дж = 10-3 Дж ;
1 микроджоуль (1 мкДж) =0,000001 Дж = 10-6 Дж .
- Есіңде сақта!
Дененің орын ауыстыруы өскен сайын атқарылатын жұмыс та өсе береді .
Дереккөз : Физика және астрономия 7 сын. Башарұлы Р./Тоқбергенова У. 2007 ж.