Белгілі бір жұмысты орындап шығу үшін әр түрлі қозғалтқыштар әр түрлі уақыт жұмсайды . Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі туындады .
- Есіңде сақта!
Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады.
Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек.

Тұрмыста да , техникада да орташа қуат деген ұғым жиі қолданылады. Оның себебі : әр түрлі қозғалтқыштарды айтпағанның өзінде , тіпті , бір адамның өзі бір жұмысты әр түрлі уақытта орындайды. Сондықтан көп жағдайда орташа қуатты анықтайды.
