Кинематиканың зерттеуін бастамас бұрын, оның негізгі түсініктерімен танысу қажет.
- Жылдамдық- дене өткен жолдың осы жолға жұмсаған уақыттың қатынасы(Δx/Δt) болып келеді. Векторлық шама.
- Өткен жол- дененің белгілі бір уақаты ішінде өткен жолы. Скалярлық шама.
- Орын ауыстыру- дененің бастапқы нүктесінен басталып соңғы нүктесіне бағытталған векторлық шама, оның модулі екі нүкте арасындағы арақашықтыққа тең болып келеді.
- Материалдық нүкте- геометриялық өлшемдері болмайтын, бірақ дененің барлық кинематикалық сипаттамаларға ие нүкте. Осы модель арқылы денелердің қозғалысын оңайырақ қарастыруға болады.
Алдыңғы тақырыпқа көшу
Келесі тақырыпқа көшу