Иінтірек . Қарапайым механизмдер

Құрылыс салуда, жер өңдеу жұмыстарында , ауыр нәрселерді көтеруде , сондай-ақ күнделікті тұрмыста көптеген құралдар қолданылады . Ондай құралдарды пайдаланып , адам немесе басқа да қозғалтқыштар күштен ұтады . Екінші сөзбен айтқанда , аз күш жұмсап , жұмысты орындағанмен жұмыстан ұтыс болмайды . 

Жай механизмдер , біріншіден , күштен ұтыс беру үшін , екіншіден , түсетін күш пен қозғалыстың бағытын өзгерту үшін қолданылады . Мысалы , ауыр жүкті тік көтеру орнына оны сол биіктікке көлбеу жазықтықты немесе блокты пайдаланып көтереді .

Жай механизмдерді пайдаланып күштен қанша есе ұтуға болады ? Бұл сұраққа жауап алу үшін иіндіктегі күш моменттерінің тепе-теңдік шартын пайдаланамыз . F1 күші жұмысшының жұмсайтын күші , ал F2 — көтеретін жүктің ауырлық күші болсын . Айнала алатын дененің тепе-теңдік шарты бойынша :
Мұндағы :  d1 — жұмысшы күшінің иіні ,  d2 — жүктің ауырлық күшінің иіні .

Жоғарыдағы қатынастардың теңдігінен мынадай қорытынды туындайды : жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса , жұмысшы күштен сонша ұтады . 

Жай механизмдердің тағы бір түрі — блок . Блок дегеніміз — өз осінің төңірегінен айнала алатын , шетінде науасы бар тегершік . Блок науасы арқылы арқан , трос немесы шынжыр тасталады. Блоктар жылжымалы және жылжымайтын деп екіге бөлінеді .

  • Есіңде сақта!
    Блок - ауыр жүктерді көтеру үшін қолданылатын қарапайым механизм.

Жүк көтергенде айналу осі не жоғары , не төмен қозғалмайтын блок жылжымайтын блок деп аталады.

Ал жүкпен бірге блоктың айналу осі де көтеріліп немесе төмен түсіп отырса , ондай блок жылжымалы блок деп аталады .

Жылжымалы блок
Жылжымайтын блок

Күштен ұту үшін , әдетте , жылжымайтын және жылжымалы блоктарды  бірге қолданады . Жылжымайтын блок жұмысты атқару ыңғайлы болу үшін ғана қолданылады . Ол күштен ұтыс бермегенмен , күштің әсер ету бағытын өзгертуге мүмкіндік береді . Мысалы , жерде тұрып , жүкті жоғарыға көтеруге болады .

Блоктардың өмірдегі қолданысы: 

Блок механизмі қайық лебедкаларында қолданылады.
Крандармен жүкті көтеру кезінде блоктар пайдаланылады.

Дереккөз : Физика және астрономия 7 сын. Башарұлы Р./Тоқбергенова У. 2007 ж.

Scroll Up