Калориметр атауы сізге жаңа болсада, онымен сіз күнделікті өмірде кездескен шығарсындар. Өмірдегі ең қарапайым калориметрлердің бірі ол–Термос. Термос дегеніміз не?
Бұл жылу сақтауға арналған ыдыс. Осыған ұқсас калориметрдің қолданысы болып келеді. Калориметр–ішіндегі заттар мен сыртқы денелер арасында жылу алмасуды тоқтатуға немесе мүмкіндігінше өте кішкентай етуге арналған ыдыс. Теорияда көбінесе калориметрлерді идеалды болып қарастырады, яғни олар мүлдем жылу өткізбейді деген тұжырым қабылданады, бірақ шың өмірді калориметрлер жылу алмасуды толық тоқтата алмайды. Сол үшін шын өмірде калориметрдің қоршаған ортамен жылу алмасуын және өзіннің жылу сыйымдылығын ескеру керек.
Жалпы калориметрлердің құрылысы ұқсас болып келеді. Калориметр негізгі оқшауланған көлемнен және оны қоршап тұратын вакуумнан тұрады. Жылу алмасуды молекулалар қоздырады, егер олар болмаса жылу алмасу тоқталады. Осы принципке негізделіп вакуум жасалынады. Осылайша калориметр жылу алмасуды минимумға жеткізеді.