Көкжиекке лақтырылған дене

Көкжиекке бұрышталып лақтырылған денелердің траекториясын түсіну үшін суреттегі жағдайды қарастырайық. Координаталық жазықтықтың басы жер бетінде O нүктесінде орналасқан және ордината мен абциссаның бағыты суретте көрсетілген.

Дене h биіктіктен бастапқы жылдамдығымен (V0) x осьіне α бұрышымен лақтырылды. Осылай оның қозғалыс траекториясы суретте көрсетілген.

Денеге тұрақты g үдеуі әсер еткендіктен оның қозғалысын суреттегі көрсетілген формуламен анықтауға болады. Осы формула векторлы түрде жазылған, сол үшін біз оны екі тәуелсіз координаталық x және y теңдеулеріне бөле аламыз.

Біріншіден, векторлық түрден скалярлық(координаталық) түрге формуланы келітру үшін барлық шамалардың проекцияларын X,Y осьтеріне жасау керек. Сонда g-нің x осьіне проекциясы 0, ал y осьіне проекциясы g-ге тең болады. Бастапқы жалдамдықтың проекцияларын табатын болсақ, Vox=V0cosα және Voy=Vosinα.

Cоңында жоғары суретте көрсетілген теңдеулерге келеміз. x-осьінде тұрақты жылдамдықпен қозғалыс болса, y-осьі бойынша үдемелі қозғалыс болады.

Scroll Up