Келесі кезенде Ньютонның үшінші заңын еске алайық, егер екі дене арасында әрекеттесу болса, онда бірінші денеден екінші денеге және екінші денеден бірінші денеге әсер ететін күштер модулі жағынан бірдей, бірақ бағыты бойынша қарама-қарсы болып келеді. Жүйеде тек ішкі күштер қалатын болса, онда әрбір F1 күшіне оған модулі бірдей, бірак бағыты қарама-қарсы болып келетін F2 күшін таба аламыз. Бұл дегеніміз, егер жүйедегі әрбір дене үшін Ньютон екінші заңының импульсті формуласын жазатын болсақ және барлық пайда болған күштерді қоссақ, бізде жалпы жүйенің импульс өзгерісі ішкі күштердің уақытқа көбейтіндісіне тең болады.