Гидростатикалық қысым. Теңіз және мұхит түбіндегі қысым

Гидростатика ұғымы нені білдіреді?

Гидростатика – гидромеханиканың сұйықтықтардың тепе-теңдігін және қимылсыз тұрған сұйыққа батырылған дененің әсер етуін зерттейтін бір бөлімі. Гидростатиканың бұл теңдеуін шешкен кезде — М.Эйлер теңдеуі пайдаланылады.

Гидростатикалық қысым – су бағанасының өз табанына тигізер әсерімен сипатталатын қысым; мөлшерлік көрсеткіші метрмен өлшенген су бағанасының биіктігімен немесе атмосфера бірлігімен өрнектеледі.

Оның шамасы:

 

→ 

 және оның әсер ету бағытына тәуелсіз.

 

Ал теңіз және мұхит түбіндегі қысым қандай?

 Негізі, қысымның географиялық таралуы өте күрделі сипат алады. Өйткені ол географиялық ендікке, құрлық пен мұхиттың арасалмағына, жергілікті физикалық-географиялық, жағдайға тығыз байланысты болады.

Теңіз деңгейінде атмосфералық қысым орташа алғанда 1013,25 гПа-ға (760 мм сын. бағ.) тең. Жоғарылаған сайын ауа тығыздығы кеміп, атмосфералық қысым азаяды. Жер бетіндегі қысыммен салыстырғанда 5 км биіктікте атмосфералық қысым 2 есе, 10 км биіктікте 4 есе, 15 км биіктікте 8 есе кемиді.

Мұхит түбіндегі қысым 108,6 мегапаскалға (1100 атмосфераға) жетеді, бұл Дүниежүзілік мұхит бетіндегі қалыпты атмосфералық қысымнан 1100 есе жоғары.

  • Назар аудар!
    Тереңдіктің жоғарылауымен қысым айтарлықтай өзгереді: әр 10 метр сайын қысым бір атмосфераға (100 кПа) артады. Үлкен тереңдікте, сығылу салдарынан судың тығыздығы да артады, сондықтан қысым одан да тез көтеріледі.

 

 

Дереккөз : Уикипедия Ашық Энциклопедиясы, «Гидростатикалық қысым» мақаласы

                     Fizika.ru, http://www.fizika.ru/fakultat/index.php?theme=4, 2020 ж

 

 

Scroll Up