Геометриялық оптиканың зерттеулері

Геометриялық оптика – жарық сәулесі туралы білім негізінде мөлдір орталардағы жарық энергиясының таралу заңын зерттейтін оптика бөлімі.

Геометриялық оптика заңдары:
  • Жарықтың түзу сызықты таралу заңы. Бір текті мөлдір ортада жарық түзу сызық бойымен таралады.
  • Шағылу заңы. Түскен сәуле, шағылған сәуле және сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады. Сәуленің түсу бұрышы шағылу бұрышына тең: α = β .
  • Сыну заңы. Түсу бұрышының синусының сыну бұрышының синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады. Түскен сәуле, сынған сәуле және сәуленің түсу нүктесіне тұрғызылған перпендикуляр  бір жазықтықтың бойында жатады.
  • Жарық шоқтарының таралуының тәуелсіздік заңы. Жарық сәулелері кездескенде біріне-бірі ұйтқу тудырмайды.
  • Толық іщкі шағылу құбылысы. Жарықтың тығыздығы көп ортадан тығыздығы аз ортаға өткен кездегі сынған сәуленің жоғалу құбылысын жарықтың толық шағылуы деп атайды. 
кун тутылуы ,жарыктын шагылу, сыну бурышы, геометриялык оптика, оптика 8 сынып
Күн тұтылуы. Жарықтың түзу сызықты таралу заңы
Жарықтың шағылуының бейнесі
сыну бурышы, геометриялык оптика, оптика 8 сынып
Жарықтың сыну бұрышының бейнесі

Дереккөз : Физика 8 сын. Н.А. Закирова /Р. Р. Аширов У. 2018 ж.

                     itest.com

Scroll Up