Жерде жатқан допты көз алдына елестет. Сен оның жанында тұра аласын және бұл жағдайда ол тыныштық күйінде тұр . Доппен әрекеттесу болмайды . Алайда , допты тепкенде ол қозғалысын бастайды , немесе қозғалыс бағытын ауыстырады , оған қоса ол деформацияға ұшырайды.
- Есіңде сақта!
Денелердің өзара әрекеттесін сипаттайтын физикалық шама - күш ( F ) сипатталады. Күш қозғалыс жылдамдығының өзгеруіне, қозғалыс бағытының өзгеруіне немесе дененің деформациясына себеп болады.
Күш ньютонмен ( H ) өлшенеді және ол әртүрлі бола алады : қозғалысты тежейтін және тездететін күштер .
Тарту күші
Тарту күші қозғалысты тудырады және оны қолдайды. Тарту күші қозғалыс бағытымен әрекет етеді. Тарту күшін, мысалы, автокөлік қозғалтқышы, вагонды тартатын жылқылар, бір нәрсені тартатын немесе итеретін адам тудыра алады.
Үйкеліс күші
- Есіңде сақта!
Үйкеліс күші - дененің тіреу бетімен сырғанаған кезінде әсер ететін күш
Үйкеліс күш тарту күшіне қарсы бағытталған

Кедергі күш
Кедергі күш сұйықтық немесе газ тәріздес ортада қозғалатын денеге әсер етеді. Ол қозғалыстың бағытына қарама-қарсы бағытталған және қозғалысты баяулатады.

Серпімділік күш
Серпімділік күшінің пайда болу себебі — молекулалардың немесе атомдардың өзара әрекеттесуі.
Серпімділік күші дене деформацияланған кезде пайда болады .Серпімділік күштері тіркетерге ілінген немесе тіректерге бекітілген денелерді ұстап тұрады. Денені төмен тартып тұратын Жердің ауырлық күшіне қарсы әрдайым керісінше сол шамада серпімділік күші әрекет етеді . Мысалы, көпірлерге әрекет ететін Жердің ауырлық күшін серпімділік күші теңестіреді
- Серпімділік күші мен Гук заңы туралы көбірек білгім келеді .
