Еркін құлау мен дене салмағы

Жердің тартылысынан барлық денелер салмаққа ие . 

  • Есіңде сақта!
    Дененің Жерге тартылу күшін салмақ деп атайды .

Салмақ P белгілейді де ,  Н  (ньютон) — мен өлшейді

Жылжымайтын дененің салмағы P=mg тең.

Ауырлық күш пен салмақты анықтайтын формула бірдей болса да , олардың физикалық мағынасы бірдей емес .

Ауырлық күш пен салмақ
Мысалы, еркін құлайтын үш килограмм кірпіштің салмағы шамамен 30 Н (F = mg), ал оның салмағы 0 H (себебі кірпіш салмақсыздық жағдайында). болып табылады.

Егер тірекке тірелген немесе ілулі орналастырылған дене Жерге қатысты жылжымайтын болса немесе бірқалыпты жоғары немесе төмен қозғалыста болса, дене салмағы өзгермейді.
Дене үдеумен жоғары немесе төмен қозғалған кезде салмақ өзгереді.Лифтке мінген кезде, біз үдеумен жоғары қозғалатын болсақ, салмағымыз өседі, бірақ ауырлық күші өзгеріссіз қалады.

Неліктен зымыранда салмақсыздық пайда болады?

Себебі , Жердің айналасында айналатын ғарыш кемесі еркін құлап бара жатқанынан пайда болады (Ғарыш кемесі әрқашан да еркін құлап барады ,бірақ Жерден қиыс кетеді). Бұл ғарыш кемесі 7,9 км/с (Бірінші ғарыштық жылдамдық) жылдамдыққа жеткенде болады , ал кеменің жылдамдығы 7,9 км/с — ден кем болса , ол Жерге құлап түсуші еді.
Егер кеме екінші ғарыштық жылдамдыққа жетсе (11,2 км / с) , ол күннің жасанды серігі болушы еді , яғни Жердің жасанды серіктері бұл жылдамдықпен қозғалады.
Егер ғарыш аппараттарының жылдамдығы үшінші ғарыштық жылдамдыққа жетсе — (16,7 км / с), онда кеме күн жүйесінен басқа жұлдыздарға ұшып кете алады. Өкінішке орай, Жерге ең жақын жұлдыз жүйесіне (Альфа Центавр) 18000 жыл ұшу керек, себебі ол 4 жарық жылына тең арақашықтықта орналасқан . Бір қызығы, айға жету үшін зымыран екінші ғарыш жылдамдығынан 0.992 құрайтын жылдамдықты алу тиіс.

Scroll Up