Жер шары мен оның бетінен жоғары көтерілген денеден тұратын тұйық жүйені қарастырайық. Мұндай тұйық жүйеде ішкі ауырлық (тартылыс) күшінің жұмысы ғана ескеріледі. Сондықтан ауаның кедергісін ескермейміз. Дене ауырлық күші әрекетінен құласын. Ауырлық күшінің жұмысы құлаған дененің жылдамдығын арттырып, оның кинетикалық энергиясын ΔЕk шамасына өсіреді: