c – заттың меншікті жылусыйымдылығы [c] = 1 Дж/ кг ⋅К
Т – абсолют температура [Т] = 1 К
V – көлем [V] = 1 м2
U – ішкі энергия [U] = 1 Дж
A`– сыртқы күштердің жұмысы [A`] = 1 Дж
Адиабаталық процесс жылуоқшауланған газдарда ғана орындалады.
Есіңде сақта! Адиабаталық/Адиабаттікпроцесс – термодинамикалық жүйеде қоршаған денелер мен жылу алмасу болмаған жағдайда орындалатын процесс.
Q = 0 ΔU = Aʹ A = –ΔU
Адиабаттік процесс үшін термодинамиканың бірінші заңы
Температура артатын адиабаталық процесске ауа оттығында жанғыш заттың буы мен бірге ауаның сығылуы немесе ІЖҚ цилиндрінде бензиндік қоспаның сығылуы мысал бола алады. Су буынан тұратын ауаның адиабаталық ұлғаюы нәтижесінде бұлттар түзіледі.
Термодинамиканың бірінші заңының адиабаталық процессте қолданылуы
Бірдей мәнге ұлғайған кезде адиабаталық процесстегі газдың жұмысы изотермалық процесспен салыстырғанда аз болады. Бұл қорытындыға суреттегі pV диаграммасынан көз жеткізуге болады.
Адиабаталық процесс кезінде газдың жұмысы изотермалық процесске қарағанда аз болады.